Услуги

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің студенті

    Қайырлы күн! Сіз амбициозды, жігерлі, өзіңді көрсету ниетін жаныңыз, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бұл сайт – колледждегі кәсіби табысқа қадам жасаудың ең оңай және жылдам жолы. "Білім аумағы" Web қосымшасы жаңа білім мен жетістіктерге ұмтылатын студенттер мен оқытушыларға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға бірегей мүмкіндік береді. Сіздің жеке жұмысыңызды, сондай-ақ жалпы колледждің жұмысын жүйелеу мүмкіндігі пайда болды....

     Оқу процесінің әрбір қатысушысы (әкімшілік қызметкері, оқытушы, студент) өзінің жеке тәжірибесінің базасын - нақты іс-қимылдармен және қадамдармен толықтыра және көбейте алады....

Назар аударыңыз!!! бұл алаң тек колледж ішінде жұмыс істейді

 

25.03.2020

Колледж ұстаздары қашықтан оқыту бойынша бірыңғай#Менқашықтықтаноқытамын (хештэгін) әлеуметтік желіде эстафетасын жариялады. Осы үрдіс арқылы оқытушылар қашықтан оқыту жүйесін толық қолдайтындықтарын білдірді. "Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына сәйкес білім алушыларды озық технологияларды меңгерген, прагматик, саналы азамат етіп тәрбиелеу - колледж ұстаздарының басты миссиясы болып табылады.

Колледж директоры Ашимов Марат Жанысбекұлы қамқоршылық кеңес алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Мекеме басшысы оқу орнының тәжірибе, материалдық база, оқу-тәрбие т.с.с. мәселелерін түсіндіре келе, алға қойылған межелі мақсат-міндеттерді таныстырды. Шараға қатысушылар жарыссөзге шығып, мекеме басшысына алғыстарын білдірді.

Тараз қ. "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының басшысы Абуғали Ерғали Рүстемұлы жатақхана жағдайымен танысты. Білім алушылардың тыныс-тіршілігімен жіті танысқан Е.Абуғали өзінің оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жатақхана жастары түрлі спорттық ойындар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосуда. Әсіресе үстел теннисін жиі ойнап және көп уақыттарын жаттығу залында өткізуде. "Шынықсаң - шымыр боласың" қағидасын ұстанған жастар болашақтан зор үміт күттіретін азамат екендерин тағы бір дәлелдеді.

24.02.2020

Колледж жастары салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау орталығының дәрігері Бәтіш Дәулетбек Батайұлымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Д.Бәтіш білім алушыларға "Стресс және одан құтылу жолдары" тақырыбында дәріс оқыды. Қатысушылар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.