26.12.2019

24.12.2019 ж. Жамбыл индустриалды – технологиялық колледжінде "Саналы ұрпақ" клуб мүшелері және белсенді жастары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Р. Толебаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында аталған клубтын төрағасы Л.Садыков аткарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Қатысушылар тарапынан Р. Толебаевқа сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.