26.12.2019
2019 жылғы 25 желтоқсанда Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «2019-2021 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жол картасы» аясында «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша полиграфия және АКТ саласындағы «Жас маман» аймақтық кәсіби байқауы WorldSkills Қазақстан стандарттары бойынша өтті.
Байқаудың мақсаты жұмысшы кәсіптерін танымал етіп, кәсіби даярлық стандарттары мен баспа және ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілігін, мамандықтың мәртебесін көтеру.
Қатысақан білім алушылар оқу барысында игерілген білім мен дамыған көркемдік талғамын, қиялы мен ойлау қабілетінің кеңдігін, бастамашылдық, шығармашылық, тапқырлық, стиль сезімі, визуалды жад, заманауи мәдениетке араласу және өнім шығарумен айналысатын белгілі бір компания логотиптерін ойлап шығару кәсіби дағдыларын көрсеті. Байқаудың нәтижесі бойынша
1. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің 2 курс білім алушысы Расахатский Константин Анатольевич – I бірінші дәрежелі дипломды иеленді.
2. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3 курс білім алушысы - Орал Диал Еркебұланұлы II екінші дәрежелі дипломды иеленді.
3. №9 Меркі колледжінің 2 курс білім алушысы Әшімбаев Әділет Аскарұлы III үшінші дәрежелі дипломды иеленді.