2019 жылдың 27 қаңтарында Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде бастауыш кәсіподақ ұйымы комитеті жұмысының есеп беру жиналысы болып өтті. Есеп беру жиналысында бақылау-тексеру комиссиясының есебі және еңбек қауіпсіздігінің техникалық инспекторының есебі тыңдалды. Жиналысқа "Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің филиалы "Біріккен комитетінің" төрағасы Орынбеков Жанболат Тұңғышбекұлы қатысып, ұстаздар қауымының сауалдарына жауап берді.