Колледждің белсенді жастары "Волонтер-2020" жылына орай "Біз біргеміз" атты қайырымдылық акциясын бастады! Еріктілерден кұралған білім алушылар сабақтан тыс уақытта мамандықтары бойынша Тараз қаласының тұрғындарына тегін техникалық қызмет (көмек) көрсетеді.Колледждің ерікті жастары ТЕГІН техникалық-тұрмыстық қызмет(көмек) көрсетуді бастады.
Колледж белсенділері Тараз қаласы Өтеген батыр көшесі №12 үйдің тұрғыны, Еңбек ардагері Ким Надежда Константиновнаға тұрмыстық көмек көрсетті. Игі бастаманы басшылыққа алған ерікті жастар қарт әженің бау-бақшасын тазалап, сарайын қалпына келтіруге ат салысты. 90 жастағы Надежда Константиновна білім алушыларға алғысын айтып, дән ризашылығын білдірді.
Тараз қаласының Умбетбаев көшесі №23 үйде тұратын зейнеткер Садыкоглы Сабрия Рапжаповнаға ерікті жастар үй шаруасына көмектесті. Электрлік жұмыстарды жасаған және отынын жарған ерікті жастарға Сабрия Рапжаповна рахметін айтып, алғысын білдірді.
Колледж жастары Тараз қаласының Умбетбаев көшесі №21 үйде тұратын көмекке мұқтаж, зейнеткер Жанат Гейдароваға көмек қолын созып, үй шаруасына жәрдемдесті. Атап айтсақ білім алушылар электр құрылғыларын жаңартып, қалпына келтірді.
Бүгін 2020 жыл-Волонтерлар жылын қолдау аясында Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің "Дәнекерлеу ісі" мамандығының еріктілері Ибо-оглы Эльвер, Зулуф-оглы Рамазан, Карадуман-оглы Ибрагим Тараз қаласының Умбетбаев көшесі №21 үй тұрғыны, зейнеткер Жанат Гейдароваға үйіне барып көмек беріп қайтты. Еріктілер зейнеткердің гаражының есігін қалпына келтіріп, тұрмыстық жұмыстарына көмектесті.
Бүгін колледж еріктілері Речная көшесінің тұрғыны, зейнеткер Мухтар-оглы Туликеге техникалық және тұрмыстық көмек көрсетті. Қарт кісінің үйінің қоршауын жөндеп, үй жұмыстарына көмектесті. Колледж еріктілері өз еркімен, өтеусіз, қоғамға пайдалы іспен айналысуда.