11.02.2020 ж. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының "Достық үйінде" Еріктілер жылында "Біз біргеміз!" акциясы аясында Жамбыл индустриалды-технологиялық колледж жастары эстафетаны №3 Байзақ колледжіне салтанатты түрде табыстады. Колледждің еріктілері әсем әндер орындап, патриоттык тақырыпта флешмоб ұйымдастырды. Алдағы уақытта ерікті білім алушылар тарапынан мұндай қайырымдылық іс-шаралар жалғасын табатын болады.