11.02.2020
Қайырымдылық эстафетаны Жамбыл медициналық жоғары колледжінен қабылдап алған Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің ерікті жастары "Қамқор" бағыты бойынша біршама жұмыстар атқарды. Атап айтсақ, Қант зауыты, Кірпіш зауыты және Қарасай алқабындағы 7 соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты көмектер көрсетті. Сонымен қатар еріктілер экологиялық тәрбиені насихаттау мақсатында Д. Нұрпейісова көшесіндегі Төрегелді каналын қоқыстан тазартты. Игі бастаманы басшылыққа алған жастардың бір тобы №7 емхана қызметкерлерімен бірге міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жұмыстары бойынша тұрғындарға ақпарат беріп, таратпа материалдарын үлестірсе, бір тобы "№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының" (Қарттар үйі) "Әлсіздер бөліміне" ыстық нан-тоқаш өнімдерін таратты. Осынау қайырымдылық игі істерге колледжімізден 100-ден аса ерікті жастар қатысты. "Қамқор" бағыты бойынша жұмыстарды қорытындылаған колледждің ерікті жастары қайырымдылық эстафетаны №3 Байзақ колледжіне салтанатты түрде табыстады.