Қашықтықтан оқыту кезінде колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов, полиция инспекторы Ж. Аупбозымов, оқу-өндіріс шебері Ә. Ортан, топ кураторы С. Таубаев құқықтық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың үйлерін аралау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында білім алушыларға жасалған тұрмыстық жағдайы зерделеніп, арнайы акт толтырылды. Ата-аналарға кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы қосымша мәліметтер берілді.