Адам өміріндегі ең жақын әрі ыстық ұя - отбасы екендігі ақиқат. Осынау кіші мемлекеттердің бақыты мен тыныс- тіршілігін, яғни отбасы тәрбиесін насихаттау мақсатында колледжде "Отбасы - бірлік пен берекенің бастауы" атты байқау өткізілді. Аталған байқауға қатысу үшін білім алушылардан 30-ға жуық бейнероликтер келіп түсті. Барлық бейне-материалдар сараланып төмендегідей жүлделі орындарға ие болды : І орын: Н.Тоқдәулет (ХП-120-2), Н.Дамрин (ВТ-220), Т.Сармантай (ВТ-220), ІІ орын: М.Шарапов, Р.Шарапов (СД-219), Л.Садыков (АТ-118-1), А.Сұлтанбек (ХП-118), ІІІ орын: Ж.Разбек (ХП-120-1), Ш. Ілияс (АТ-118-2), Э.Тургунов (АТ-217). Қалған білім алушылар белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!