Колледждің белсенді жастарынан құралған Студенттік парламент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шарада колледж директоры М.Әшімов тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіріп, тәуелсіздікті әрбір азамат сақтауы тиіс екенін атап өтті. Іс - шара соңында колледж басшысы" наубайхана ісі "құзыреттілігі бойынша" WorldSkills Kazakhstan-2021"республикалық чемпионатына қатысқан Ақбота Сәкенді арнайы медальонмен марапаттады.