Құқықтық тәрбиені насихаттау мақсатында "Заң және қоғам"тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Тараз қ. №2 ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция майоры Е. Юрина және колледж инспекторы, полиция лейтенанты Ж. Аманқұлов қатысты. Құқық қорғау органдарының өкілдері барлық азаматтарды заңды сақтауға, қоғамның тыныштығын қалыптастыруға шақырды.