Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде Жамбыл облысы прокуратурасының Консультативтік кеңесінің көшпелі мәжілісін ұйымдастыру мақсатында мобильдік топ мүшелері "Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы туралы" тақырыбында студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараға Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Е.Қуанышев, Жамбыл облысы білім басқармасының бас маманы М.Керімбеков, Тараз қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Ж.Аманқұлов, Тараз қаласы №4 емхананың гинеколог-дәрігері Н.Драмқұлова қатысты. Мобильдік топ мүшелері тақырып аясында ауқымды ақпарат беріп, жастардың сауалдарына жауап берді.