1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ХП-120/1 тобының кураторы Т.Досамбаеваның бастамасымен "Бір шаңырақ астында" тақырыбында конкурс өткізілді. Іс-шара мақсаты - ұлтаралық достықты нығайту және салт-дәстүрді насихаттау болып табылады. Шара соңында конкурс жеңімпаздары және қатысушылары марапатталды.