ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАМБЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУҒА КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ

4 ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                                                                     29.10.2024 жыл

 

  1. Өткізілген орны: Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің қабылдау бөлім кабинеті.

Отырысқа қатыспағандар:1 (А.Сембай)

 

Отырысқа қатысқан конкурстық комиссиясы құрамында:

  1. Жунисбеков А.М.– директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы;
  2. Есенов Б.–директордың орынбасары, комиссия мүшесі;
  3. Құдретова Ә.Н. – химия пән оқытушысы, комиссия мүшесі;
  4. Р.Муса-Ахунов – аға шебер, комиссия мүшесі;
  5. Мусреталиева Ж.Б. – арнай пән оқытушысы, комиссия мүшесі;
  6. Э.Нұржігітқызы–бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы (келісім бойынша), комиссия мүшесі;
  7. А.Сембай -Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері (келісім бойынша) , комиссия мүшесі.

 

 Күн тәртібінде:

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынындағы бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы

           Конкурстық комиссия отырысын комиссия төрағасы  

Жунисбеков А.М ашты.

 Құрметті отырыс қатысушылары, колледжге

- әдіскер – 1 бірлік бос лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурсқа келесі кандидаттар құжаттарын тапсырды.

2024 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 157 тармағына сәйкес мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке сұраныс жолданған болатын.

Осы қағидалардың 154 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қарап шықсаңыздар.

- әдіскер бос орны бойынша үміткерлер:

- Сисенбаева Роза Нурлыбаевна-10,5 балл .

- Басқа кандидат жоқ.

Есенов Б.Н:

 Құрметті отырыс қатысушылары, жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып шешім қабылдауымыз қажет. 

Жунисбеков А.М :

Айтылған ұсыныстарды қабылдауға дауыс берулеріңізді сұраймын.

Аталған ұсыныс бойынша дауыс беріліп, бірауыздан келісілді.

 

Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра келе, конкурстық комиссия ШЕШІМ   ЕТТІ:

Конкурс қорытындысы бойынша:  

- әдіскер лауазымы бойынша  Сисенбаева Роза Нурлыбаевна;

конкурстан өтті деп есептелсін, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.

  1. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстырылсын.
  2. Конкурстың нәтижесі колледждің Интернет-ресурсында, немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында жариялансын.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                                 Жунисбеков А.М.

 

Комисия мүшелері                 

                                                                                     Б.Есенов

                                                                                    Ә.Құдретова

                                                                                    Р.Муса-Ахунов

                                                                                    Ж.Мусреталиева

                                                                                    Э.Нұржігітқызы

                                                                                    А.Сембай

                                                                                            

Хатшы                                                                        Т.Мырзақ