Тарих пәнінің оқытушысы Мүсреталиева Ж.Б. ВТ-220 тобының және ТЭДМ-220 тобының білім алушыларымен «Қуғын - сүргін құрбандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

"Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алып", бейнеролик көріп, Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасады.

 

Жанна Болатбекқызы білім алушыларды отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауына шақырды.