9 маусымнан колледждің бірінші курс студенттері үшін "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру пәндерінен аралық аттестаттау емтихандары басталды.

 

Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін барлық сағат көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілуде.