Тренинг – адамзат білімін шыңдап, қабілетті арттыруды үйретудің әдісі. «Тренинг» тарихы өнер-білім үйренудің заманынан бастау алады. Тренинг іш пыстыратын «лекция» емес. Тренингте қатысушылар тыңдаумен қатар практикалық тапсырмаларды орындай отырып, педагогикалық шешім қабылдап, әрекет жасауды үйренеді.

 

Бүгін колледждің педагог-психологі Э.Нұржігітқызы өзінің облыстық «Білім беру процесін психологиялық қамтамасыз ету» байқауында ІІІ орынды иемденген «Мақсатқа апарар жол» тақырыбындағы әдістемелік әзірлемесіне енгізілген тренингтер топтамасын дөңгелек үстел басына жиналған педагогтермен өткізді.

 

Қатысушылар шеңбер болып отырып, оқу үрдісіндегі білім алушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста тақырыпқа сәйкес мәселені тиімді кәсіби тұрғыда шешудің әдіс-тәсілдерін үйренді.