Бүгін колледжімізде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында оқитын 44 білім алушы «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» оқу модулі бойынша аралық емтихан тапсыруда.

 

Оқу модулінің емтихан сұрақтары «Жол белгілері», «Күрделі жол жағдайларында автокөлікті басқару ерекшеліктері», «Автокөлікті қауіпсіз басқарудың негізгі шарттары», «Қозғалтқышты қыздыру» т.с.с. тақырыптарды қамтыды.

 

Емтиханға оқу аудиторияларындағы санитарлық талаптар колледж әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалана отырып, «Таза сессия» акциясы аясында Тараз қаласының Жастар орталығы жанындағы «Темірқазық» еріктілер қозғалысының жетекшісі Жиенбай Н. және жетекші орынбасары Намелбек А, ата-аналар мен білім алушылардан бақылаушылар тобы шақырылды.