Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасына облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция тобымен қатысты. Алдын алу іс-шарасының мақсаты-Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу.