"Салауатты өмір салты және дене шынықтыру" тәрбие тұжырымдамасының 8-ші бағыты аясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ж.Жұмалиевамен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: "алкогольдің зияны". Іс-шара барысында студенттерден сұрақтар қойылып, мамандардан нақты жауаптар алынды.