Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев колледждің материалдық-техникалық базасын аралап, оқу орынның тыныс-тіршілігімен және 3 сайлау учаскесінің жұмысымен танысты. "Жас маман" жобасына енген "Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану" мамандығының зертханасы және "Дәнекерлеу ісі" мамандығының құзыреттілік орталығының ашылуына қатысқан аймақ басшысы дәнекерлеудің әрбір заманауи құрылғысымен жіті танысып, сынамадан өткізді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев сұранысқа ие мамандарды дайындайтын колледждің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.