Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының арнайы жобалары мен бағыттарын жастар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында "Рухани жаңғыру жобалық офисі" КММ-нің басшы орынбасары Д.Өмірбеков және "Қоғаммен байланыс" бөлімінің басшысы А.Даулетбаев студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Д.Өмірбеков аталған бағдарламалық мақаланың негізгі бағыттарына тоқталып, маңыздылығын тағы бір айқындап берді. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды.