БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ(20.08.2024 ж)

 

       Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  «Жамбыл индустриалды–технологиялық колледжі» коммуалдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 080000, Тараз қаласы, Өтеген батыр көшесі, №49. Телефон номері: 46-70-83, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

-Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік

-Орыс тілі пәнінің оқытушысы – 1 бірлік

- Өндірістік оқыту шебері (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) – 1 бірлік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

 Лауазымдық міндеттері:

     Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады;

       оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;

      білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;

      білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;

      оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;

      педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;

      педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;

      оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;

       ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

       еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

      білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

         Орыс тілі пәнінің оқытушысы:мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

      білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

      оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

       

        Өндірістік оқу шебері:өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

       сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;

      еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;

      топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;

      оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

      оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;

       білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;

      қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

 

     Еңбекақы мөлшері:

Лауазым атауы

-Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары– 1 бірлік – 180000 теңге.

-Орыс тілі пәнінің оқытушысы  – 1 бірлік – 150000 теңге.

- Өндірістік оқыту шебері (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы)– 1 бірлік – 130000 теңге.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды өткізу мерзімі: 20.08.2024-28.08.2024 жж. күндері аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  «Жамбыл индустриалды–технологиялық колледжі» коммуалдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 080003, Тараз қаласы, Өтеген батыр көшесі, №49.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  •   "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялықұйымнананықтама;
  • наркологиялықұйымнананықтама;
  • сертификаттауданөтунәтижелерітуралы сертификат немесе педагог-модератордантөменемесқолданыстағыбіліктіліксанатыныңболуытуралыкуәлік (бар болса);
  • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  • тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.