БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ
01.09.2024 г
Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл индустриалды–технологиялық колледжі» коммуалдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 080000, Тараз қаласы, Өтеген батыр көшесі, №49. Телефон номері: 46-70-83, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
-арнайы пән оқытушысы(уақытша) Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы – 516 сағат;
-арнайы пән оқытушысы (уақытша)«Нан пісіру,макарон және кондитер өндірісі мамандығы – 192 сағат;
-орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы (уақытша) – 814сағат;
бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері:
Оқытушы: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Еңбекақы мөлшері:
Лауазым атауы
-арнайы пән оқытушысы(уақытша) Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы – 516 сағат,110000 тг.
-арнайы пән оқытушысы(уақытша) «Нан пісіру,макарон және кондитер өндірісі – 192 сағат бірлік, 50000 тг.
- орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы (уақытша) – 814 сағат, 150000 тг.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды өткізу мерзімі: 01.09.2024-10.09.2024 жж. күндері аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл индустриалды–технологиялық колледжі» коммуалдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 080003, Тараз қаласы, Өтеген батыр көшесі, №49.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялықұйымнананықтама;
- наркологиялықұйымнананықтама;
- сертификаттауданөтунәтижелерітуралы сертификат немесе педагог-модератордантөменемесқолданыстағыбіліктіліксанатыныңболуытуралыкуәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.