БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ (09.10.2025 ж)
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып бос лауазымға конкурс жариялайды.
1.Бос орында тұрған лауазымдар:
- Математика пәнінің оқытушысы - 0,6 жүктеме, қоса атқарылатын жұмыс, еңбекке ақы төлеу мөлшері - 111 350 тенгеден бастап
- Физика пәнінің оқытушысы - 0,4 жүктеме, қоса атқарылатын жұмыс, еңбекке ақы төлеу мөлшері - 68 523 тенгеден бастап
- Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары-1 бірлік жүктеме, тұрақты. Еңбекке ақы төлеу мөлшері - 256 000 тенгеден бастап.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі, яғни 10.10.2025 ж -20.10.2025 ж. күндері аралығында.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады:
1) осы Қағидалардың 03-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 12-13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
14). Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне ( біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Конкурс төмендегі мекен-жай бойынша өткізіледі. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Өтеген батыр көшесі №49, почта индексі жаңа H02G0D1 (080010 ескі), байланыс телефоны: +7 726 2 46-70-83, электрондық почта Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 бұйрығымен бекітілген біліктілік сипаттарына сәйкес
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы
- Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
- Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың негізгі нормалары;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
- Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;
цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады;
оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;
оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;
педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, құқық, қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.






