"Қарты бар үйдің қазынасы" бар дейді дана халқымыз.
1-қазан "Халықаралық қарттар күніне" орай ZOOM қосымшасы арқылы театр режиссёры, ақын, актёр, көптеген өлеңдердің әні мен сөзінің авторы, сценарист, бірнеше музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ардагер ұстаз Умбеталиев Тәжібай ақсақалмен "Қарттарым - асыл қазынам!" атты кездесу өткізілді. Білім алушылар тарапынан ақсақалға бірнеше сұрақтар қойылып, әдемі сұхбат өрбіді.