Білім алушылардың тұрмыстық жағдайын зерделеу жұмыстары өз жалғасын табуда. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов, бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Ж.Белгібаев, педагог-психолог Э.Нұржігітқызы, оқу-өндіріс шебері К.Байтикова, топ кураторы Р.Кушекова студенттердің үй жағдайымен танысып, ата-аналарымен тілдесіп қайтты.