Колледж ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаетың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан : іс-қимыл кезеңі" атты халыққа жасаған Жолдауын талқылады. Баяндама жасаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов, экономика пәнінің оқытушысы М.Мантеева, әлеуметтік педагог Г.Умбеталиева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Таубаев өз пікірлерін білдірді. Колледж директоры М.Ашимов Жолдаудың мазмұнын кеңінен ашып, алдағы уақытта осынау іс-шараны білім алушылармен де өткізуді тапсырды.

 

 

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаетың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан : іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында Тараз қ. әкімдігінің ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығының" директоры А.Есіркеповпен, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Жамбыл облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Қ.Таласбаевпен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында келген қонақтар баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Ұжым мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, кездесу диалогтық форматта өрбіді.