Қоғамдағы түйткілді мәселенің бірі - нашақорлық екендігі ақиқат. Осынау зиянды әдет туралы түсінік беру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Р.Керимкуловамен кездесу өткізілді. Арнайы маман Р.Керимкулова тарапынан білім алушыларға нашақорлықтың, спирттік ішімдіктің, темекінің, тыйым салынған сағыз өнімдерінің зияны туралы нақты ақпарат берілді. Білім алушылардан көптеген сауалдар қойылып, пікірлер айтылып, кері байланыс жоғары деңгейде көрініс тапты.