ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы аясында жастармен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Тараз қ. ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығының" мамандары Ж.Жамбылқызы, Т.Тұрдалы, "Нығмет" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ш.Сүйімқұл, "Азаматтық Альянс" қоғамдық бірлестігінің құқықтанушы-заңгері А.Зайнутдинов қатысты. Кездесу мақсаты - білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық қасиеттерін, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті насихаттау болып табылады.