Жаңалықтар және іс-шаралар

Жастардың зияткерлік және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында АТ-121 тобының кураторы С.Таубаев "Жалынды жастар"тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, жастардың полиглотикалық қасиеттері тексерілді. Зияткерлік ойынның барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

"Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған" Парасат жолы" үздік бекетіне арналған конкурсқа Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Азат Миятұлы Жаманқұл қатысуда. Посттың атауы: "Қазіргі қазақ жастары өздерін әлемде танытуы үшін. оның жолын табуға не кедергі?!". Колледж ұжымы Жас маман Азат Миятұлына алға қойған мақсаттарына жетуде жеңістер тілейді!

 


Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған"Әулие АТА АРУЫ - 2021" облыстық байқауының іріктеу кезеңіне Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің ХП-121 тобының білім алушысы Серікбай Лола қатысты.

Колледж ұжымы Лолаға сәттілік тілейді!

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өткізілген "Мәңгілік елдің - адал ұрпақтары" атты студенттердің облыстық слетіне колледж студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды."Адалдық - асыл мұрат "эссе байқауында АТ-119 тобының білім алушысы Тайбағар Рамазан 2 орын," сыбайлас жемқорлықсыз қоғам бейнесі " суреттер байқауында ХП-119 тобының білім алушысы Сағымбек Нұрсая 3 орын алды.

Жеңіс мерекесімен, талантты жастар!

"Салауатты өмір салты және дене шынықтыру" тәрбие тұжырымдамасының 8-ші бағыты аясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Ж.Жұмалиевамен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: "алкогольдің зияны". Іс-шара барысында студенттерден сұрақтар қойылып, мамандардан нақты жауаптар алынды.

"Мәңгілік елдің-адал ұрпақтары" атты студенттер слетіне "Саналы ұрпақ"клубының жастары қатысуда."Адалдық - асыл мұрат" эссе байқауына АТ-119 тобының білім алушысы қатысты .Тайбағар және ХП-119 тобының студенті . "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам бейнесі" суреттер байқауында ХП-119 тобының білім алушысы Н.Сағымбек пен ЭЛ-121 тобының білім алушысы Б.Кемелбек шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Біздің студенттерге сәттілік!

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасына облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция тобымен қатысты. Алдын алу іс-шарасының мақсаты-Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу.